АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№2 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ

Мекенжайы:

Жұмыс уақыты:

09.00 - 18.00 дейін, дүйсенбі - жұма

Телефон:

+7 (7172) 34 61 57

E-mail:

kppk2_astana@mail.ru

Instagram:

kppk2_astana

16 айға дейінгі баланың дамуын бағалау үшін осы сілтемеге өтіңіз

II. KID-R шкаласы – 16 айға дейінгі баланың дамуын бағалау үшін қолданылады. Санкт-Петербург ерте араласу институты.
KID-R шкаласы 2-ден 16 айға дейінгі балалар даму деңгейіне, сондай-ақ, биологиялық жасының осыдан үлкен екенін, бірақ даму кезеңі 16 айдан аспайтын балаларға арналған.
KID-R шкаласы профессор Джей Рейтердің жетекшілігімен Кент Университетінің (АҚШ) қызметкерлер тобы дайындаған Kent Infant Development Scale (KID Scale) орыс нұсқасы болып табылады. Шкала 252 сұрақтардан тұратын сауалнама.
Шкаланың әрбір пункты 5 бағыттың біреуіне қатысы бар:
• танымдық — 52 пункт
• қозғалыс — 78 пункт
• тіл — 38 пункт
• өзін-өзі басқару — 39 пункт
• әлеуметтік — 51 пункт
Барлық 252 пункттері толық шкала жиынтығы болып табылады.
KID-R шкаласын қолдану нәтижесі әр облыста баланың даму жасын («даму профилі») және әдетте дамып келе жатқан құрдастарынан артта қалу дәрежесін бағалау болып табылады (толық ауқымда анықталады).