Басты бет > Ерте көмек
Ерте жастан көмек көрсету 0-ден 3 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамтиды:
Балалар мен олардың отбасыларына ерте көмек көрсету – ЕББҚ бар балалар мен олардың отбасыларына пәнаралық негізде көрсетілетін және балалардың дене және психикалық дамуына, олардың табиғи өмірлік жағдайларға тартылуына жәрдемдесуге, балалар мен ата-аналардың жағымды өзара іс-қимылы мен қатынастарын қалыптастыруға, балаларды құрдастарының ортасына енгізуге және олардың қоғамға кірігуіне, сондай-ақ ата-аналар мен баланы тікелей күтетін басқа да адамдардың құзыреттілігін арттыруға бағытталған қызметтер кешені.
1. Ерте көмек алу реті..
Ерте көмек тобына ПМПК қорытындысы негізінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі ЕББҚ бар балалар қабылданады.:
1) көру қабілеті бұзылған балалар;
2) есту қабілеті бұзылған балалар;
3) сөйлеу қабілеті бұзылған балалар;
4) сөйлеу дамуы тежелген балалар;
5) тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;
6) интеллекті бұзылған балалар;
7) психикалық дамуы тежелген балалар;
8) эмоциялық-еріктік саласы мен мінез-құлқы бұзылған балалар.
Балаларды ерте көмек тобына қабылдау үшін: ата-аналардың (заңды өкілдерінің) өтініші, ПМПК қорытындысы негіз болып табылады.
Баланың ерте көмек тобында болу мерзімі мамандардың пәнаралық бағалауымен анықталады.
Ерте көмек тобының жұмыс режимі мекеменің Жарғысымен және мекеме мен ата-аналар (заңды өкілдер) арасында жасалған шартпен айқындалады.
Балаларды қабылдау ата-аналардың түзету-дамыту процесіне міндетті түрде бірлесіп қатысуы жағдайында жүзеге асырылады.
Топтар бұзушылықтар бойынша және даму деңгейлері бойынша жинақталады. Топтар саны ерте жастағы ЕББҚ бар балалардың санымен және түзету-дамыту жұмыстарын жүзеге асыру үшін арнайы жағдайлардың болуымен анықталады.
Әрбір топқа негізгі бұзушылыққа сәйкес мамандар қатарынан үйлестіруші бекітіледі.
Ерте көмек тобы мамандарының жеке жұмысы:
— балалармен -15 минут және аптасына бір реттен кем емес жүргізіледі;
Ерте көмек тобындағы мамандардың топтық жұмысы:
— балалармен-60-90 минут және аптасына бір реттен кем емес жүргізіледі.
Топтардың толымдылығы:
2. Диагностикалық бағыт. Баланы тексеру, оның даму ерекшеліктерін және ерте көмекке қажеттілігін анықтау, сондай-ақ отбасының қажеттіліктері мен ресурстарын зерделеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру.
3. Түзету-дамыту бағыты. Пәнаралық қарым — қатынас негізінде ерте жастағы балалармен жұмыс жасауда түзету-дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру. Бала мен отбасын ерте көмек көрсету және алып жүрудің түзету – дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңіндегі қызметтер: