17-сәуір күні Астана қаласының #43 қосымша білім беру мектеп-орталығында “Ерекше білім беруді қажет ететін баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагог шеберлігі” тақырыбында қалалық форум өтті. Аталмыш форумда #2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің педагог-психологтары Бектурганова Дидар Шайхысламовна, Нурышева Ляззат Жумановна және Тоқтанова Қымбат Жанатқызы өз педагогикалық озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, #43 қосымша білім беру мектеп орталығының басшысы Такебаев Руслан Манарбекұлы және #2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің басшысы Амрина Бахыт Бекболатовна ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.