2-сәуір дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне байланысты Астана қаласы әкімдігінің #2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде балаларға арналған “Менің сезім әлемім” тақырыбында сенсорикалық ойындар күні өткізілді. Мамандар ата-аналарға арналған ақпараттық тақта және ұсынымдар көрсетілген ақпараттық хат әзірленіп, таратылды. Іс-шараға 57 бала қатысты. Іс-шара барысында балалар түрлі қарым-қатынас, танымдық және сенсорлық дағдыларын дамытуға арналған ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді.