Астана қаласы әкімдігінің #2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде балаларға арналған “Қош келдің, Жаңа жыл” атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік барысында балаларға Жаңа жыл мерекесінің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақша Қар, ертегі кейіпкерлері мен Үндістандық қонақ Радж, Жаңа жылымыз Жылан қонақ болды. Балалар кейіпкерлермен бірге ән шырқап, би билеп, мерекелік күйді ерекше сезінді. Ертеңгілік соңында балаларға демеушілеріміз дайындаған жаңа жылдық сыйлығымыз табысталды.