Қаңтар айының 24-жұлдызында Астана қаласы әкімдігінің #2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде психолог мамандардың ұйымдастыруымен “Ойын — дамудың кілті” тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-практикум өткізілді. Психолог мамандар ата-аналарға “Визуалдық кесте. Туалетный тренинг” тақырыптарында ақпарат беріп, мамандардың бағыттауымен ата-аналар үй жағдайында дайындалатын дамытушы ойындар түрлерін тәжірибе жүзінде орындап көрді. Ата-аналар тәжірибе барысында, сенсорлық, белсенді және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойын түрлерімен танысты.