АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№2 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ

Басты бет > Біздің ППТК туралы

Біздің ППТК туралы

Мекенжайы:

Жұмыс уақыты:

09.00 - 18.00 дейін, дүйсенбі - жұма

Телефон:

+7 (7172) 34 61 57

E-mail:

kppk2_astana@mail.ru

Instagram:

kppk2_astana

«№2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті » КММ Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы  11 шілдедегі №107-1140 қаулысымен ашылды.

Кабинет қызметінің жалпы тұжырымдамасы көмекті ұйымдастырудың мынадай қағидаттарын көздейді:

  • 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің барлық санаттарына педагогикалық түзету көмегін көрсету;
  • мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге түзету көмегін көрсетуге кешенді көзқарас;
  • түзету-педагогикалық көмек процесін шектік дараландыру;
  • ата-аналарды түзету-дамыту процесіне тарту;
  • балалардың психофизикалық дамуы мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету және басшылық ету.

 

Балаларды ППТК-ға жіберу және қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен ПМПК-ның қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды ППТК-ға қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

 

ПМПК қорытындысы негізінде ППТК психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді:

  • есту қабілетінде бұзылыстары бар;
  • сөйлеу тілінде бұзылыстары бар;
  • тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар;
  • зерде бұзылыстары бар;
  • сөйлеу тілінің дамуы тежелген;
  • психикалық дамуы тежелген;
  • эмоциялық-ерік аясында және мінез-құлқында бұзылыстары бар.

 

Жеке және топтық түзету сабақтарын мына мамандар өткізеді:

  • Сурдопедагог-мұғалім
  • Логопед-мұғалім
  • Дефектолог-мұғалім
  • Педагог-психолог
  • АФК мұғалімі
  • Музыкалық жетекші
  • Әлеуметтік педагог